СҚО-да автокөлікті мініп кетудің 38 фактісі тіркелді

12 Тамыз 2022, 23:23
856
Бөлісу:
СҚО-да автокөлікті мініп кетудің 38 фактісі тіркелді

Жыл басынан СҚО-да автокөлікті мініп кетудің 38 фактісі болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында автокөлікті құқыққа сыйымсыз иемденудің 38 фактісі тіркелді. Полицейлер қылмыстардың басым бөлігі күндіз және кешкі уақытта, масаң күйде, көп жағдайда айдап әкеткен адам мен жәбірленуші отырып ішімдік ішкеннен кейін орын алатыны туралы атап өтті. Көлікте оталдыру кілтінің тұруы да қылмыстың жасалуына себепші болады. 

Тәртіп сақшылары көп жағдайда айдап әкетуге қарсы құрылғылармен жабдықталмаған көліктер олжаға айналып жататыны туралы атап өтті.  

 Мініп кеткен көлік жол-көлік оқиғасына ұшырап жатады. Мәселен, маусым айында ВАЗ-2107 көлігі механикалық зақымдалды, оның жоғалғанын иесі күдіктімен ащы су ішкеннен кейін байқаған. Көлік иелерін өздерінің мүлкін қорғау бойынша шара қабылдауға шақырамыз, – деп атап өтті СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадияр Харипов. 

Полицейлер көліктерге сигнализация орнату туралы кеңес береді. Үй аулаларында және көпқабатты үйдердің кіреберістеріне бейне бақылау камераларын орнату да қорғанудың сенімді құралы. Көлікті күзетілетін автотұрақтарда немесе бейне камера орнатылған жерге қалдырып кеткен жөн. Көлік есігі ашық қалмағанын қадағалаңыздар. Бұдан бөлек, көліктің ішінде ақша, құжаттарды, бағалы заттар, сөмкелерді қалдырмаған дұрыс, олар көлікке назар аудартуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы