СҚО-да ауыл тұрғындарына арналған хоккей корты ашылды

Бүгiн, 08:35
135
Бөлісу:
СҚО-да ауыл тұрғындарына арналған хоккей корты ашылды
Фото: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Петровка ауылында нағыз спорт мерекесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Мұнда СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен жаңа жабық хоккей корты ашылды. Жаңа нысан бұқаралық спорттың дамыту орталығы болмақ, ауыл тұрғындары мен балаларға жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Спорттық кешеннің арқасында болашақта мұнда жаңа жұлдыздар мен чемпиондар шығады деген үміт мол.

СҚО-да ауыл тұрғындарына арналған хоккей корты ашылды

Ауыл спортын дамыту — мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Былтыр облыста 37 спорт нысаны салынса, оның 28-і ауылдық жерде. Олар - спорткешендер, хоккей корттары және мини-футбол алаңдары.

СҚО-да ауыл тұрғындарына арналған хоккей корты ашылды

Биыл инфрақұрылымды одан әрі дамытамыз: жаңа спорт кешені, бассейн, хоккей алаңы ашылып, «Қарасай» стадионын жаңғырту аяқталады. Петропавлда мұз сарайының құрылысы басталды. Сонымен қатар, жабық футбол манежі бар футбол академиясы салынбақ. Біз әрбір тұрғынның спортпен шұғылданып, белсенді өмір салтын ұстанып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуі үшін жағдай жасауды жалғастырамыз, - деді өңір басшысы.

Өзгелердің жаңалығы