СҚО-да ауыл тұрғындары жолды өздері жөндеп, әкімдікке үндеу жасады

Қызылжар ауданындағы Якорь – Ольшанка бағытындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолын жөндеуге қатысты әкімдік түсініктеме берді.

 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 15:21
Бүгiн 2026, 15:21
103
Фото: видеодан алынған кадр

Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше ауылдың тұрғындары жол мәселесін тағы да өз күштерімен шешуге мәжбүр болды. Қызылжар ауданындағы Ольшанка мен Якорь ауылының тұрғындары қолдарына күрек алып, жол жөндеуге шығып қана қоймай, жергілікті билікке арнап видеоүндеу де жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Жол жоқ, байланыс жоқ»

Видеода ауыл тұрғындары әзіл мен өкініш аралас өлең жолдары арқылы күнделікті кездесетін қиындықтарын жеткізген. Олардың айтуынша, елді мекендерде әлі күнге дейін сапалы жол, тұрақты ұялы байланыс және базалық инфрақұрылым жоқ.

Тұрғындардың сөзінше, бұл мәселе жылдар бойы шешілмей келеді және ауыл халқы жол азабын күн сайын тартып отыр.

Ауыл халқы жол жөндеуге өздері шыққан

31 мамыр күні Ольшанка мен Якорь ауылының тұрғындары бірігіп, екі елді мекен арасындағы жолдың шұңқырларын жөндеу жұмыстарын жүргізген. Барлық жұмыс тұрғындардың өз күшімен атқарылған.

Тұрғындардың айтуынша, қолдағы материал көлемі шектеулі болғанына қарамастан, жоспарланған сегіз шақырым жолдың шамамен төрт шақырымы қалпына келтірілген.

Материал аз болса да, жоспарланған сегіз шақырым жолдың төрт шақырымдай бөлігін жөндеп шықтық. Бұл іске ерлер де, әйелдер де белсенді қатысты. Барлығы бірігіп күрекпен жұмыс істеп, жолымызды қауіпсіз әрі ыңғайлы етуге тырыстық, – дейді ауыл тұрғындары.

Әкімдік не дейді?

Қызылжар ауданындағы Якорь – Ольшанка бағытындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолын жөндеуге қатысты әкімдік түсініктеме берді.

Ресми мәліметке сәйкес, 2023 жылы ұзындығы 9,5 шақырым болатын жол учаскесіне орташа жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Жобаның жалпы құны 573,6 млн теңге.

Алайда 2023-2025 жылдары қаржы бөлінбегендіктен, жобаны іске асыру мүмкін болмаған.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қазір бюджеттен қаржы бөлу мәселесі бақылауда тұр және келесі қаржы кезеңінің бюджетін қалыптастыру кезінде қаралады.

Тиісті қаржы бөлінген жағдайда жол жөндеу жұмыстары белгіленген тәртіппен басталады. Белсенді азаматтық ұстанымы мен түсіністік танытқаны үшін тұрғындарға алғыс айтамыз, – деп мәлімдеді әкімдік.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх