Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Жыл басынан СҚО-да алкогольді заңсыз сатудың 74 фактісі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Масаң күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушулықтардың алдын алу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының полицейлерімен ұдайы негізде рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Алкогольге қарсы заңнама саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу – учаскелік полиция инспекторлары жұмысындағы бағыттардың бірі.
Осындай рейдтердің бірінде Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның учаскелік полиция инспекторлары алкогольдік өнімдерді заңсыз сату фактісін анықтады. Ауылды жерде ішімдік сатқан әйелдің үйінен 90 литрге тарта алкогольдік өнімдер тәркіленді. Полиция қызметкерлерімен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) бойынша материал жиналды. Тәркіленген өнім сараптамаға жіберілді. Кейін материал сотқа жіберілетін болады.
Солтүстікқазақстандық полицейлермен лицензияланбаған алкогольдік өнімдерді заңсыз сатуға қарсы күрес күшейтілді. Сондай-ақ учаскелік инспекторлар бекітілген әкімшілік учаскелерінде үй-үйді аралап, қылмыс жасауға және спирттік ішімдіктер ішуге бейім тұлғаларды анықтайды. Профилактикалық сипаттағы шаралар қолданып, маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жібереді. Заңнамада алкоголь өнімін тиісті лицензиясыз сату үшін он бес айлық есептік көрсеткіштен 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл көзделгенін еске саламыз. Сонымен қатар суррогат алкоголь өлімге әкелуі мүмкін, – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Әлжанов.
Жыл басынан алкоголь өнімдерін заңсыз сатқаны үшін 74 солтүстікқазақстандық жауапкершілікке тартылып, 1477 литр алкоголь тәркіленді.