СҚО-да алаяқтық жасаған шенеунік сотталды

15 Маусым 2022, 08:09
1569
Бөлісу:
СҚО-да алаяқтық жасаған шенеунік сотталды
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Ағажанов алаяқтық жасағаны үшін жазасын түзету мекемесінде өтейді, - делінген хабарламада.

Ол фискалдық органның өкілі бола отыра, салыққа қатысты мәселені шешуге көмектескені үшін кәсіпкерді алдау арқылы 1 млн 250 мың теңге сомасында заңсыз материалдық сыйақы алған. Ағажановтың іс-әрекеті ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы "мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық жасау" бойынша қаралды.

Петропавл қалалық соты М.Агажановты кінәлі деп танып, оған айыппұл салумен шектелген.

Алайда облыстық прокуратура істің мән-жайын ескере отырып, мұның тым жұмсақ үкім екеніне наразылығын білдірді.

Апелляциялық сот прокуратураның дәлелдерімен келісе отырып, М.Агажановты 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сондай-ақ экс-шенеунік өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

 

Өзгелердің жаңалығы