Есіл ауданында Николаевка, Бірлік ауылдарында және Шал ақын ауданында Қаратал ауылында су деңгейінің көтерілуіне байланысты Есіл өзенінде тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖД және ЖАО күштері арқылы шамамен 40 адам ж/қ және 15-ке жуық бірлік техника тәртібімен 105-ке жуық адам эвакууацияланды. Оның ішінде 37 бала алдын ала эвакуацияланып, туыстары мен эвакопунктте орналастырылды.
Сонымен қаатр, ауыл шаруашылығы бойынша 57 жануар қауіпсіз жерге айдалды.