Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында айтылды.
СҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылы мемлекеттік сатып алу нәтижесінде СҚО бюджеті 12 млрд теңге үнемдеді. Үнемдеу бір көзден сатып алу үлесінің 32%-тен 17%-ке дейін төмендеуіне байланысты болды.
Үнемделген қаражат әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған, - деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.
Қазір облыста байқаулардың негізгі бөлігі ашық және бәсекелестік жағдайда өтуде. Соның арқасында жемқорлық тәуекелдері азайып, халықтың мемлекеттік сатып алуды бақылауға мүмкіндігі мол. Сонымен қатар облыс әкімі тұрғындарды құрылыс-жөндеу жұмыстары кезінде қаржының игерілу барысын белсенді бақылауға шақырды.