Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың және Тайынша аудандарында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Рублевка ауылында жер қорғанын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Үйлерді су басу қаупі алынды.
Тайынша ауданы, Доброжановка ауылына үлкен су келді. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде су бұру арнасы тартылып, жолдан су өткізу жасалды. Осының арқасында үйлерге су кірген жоқ. Қазір судың деңгейі төмендеп жатыр.
Ауыл тұрғындарымен кездесіп, адамдардың өмірін сақтау және малды аман алып қалу басты міндет екенін атап өттім, - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.
Келлеровка еріген судың келуіне дайындалуда. Бөгет күшейтіліп, су сорылып, инертті материалдар дайындалуда. Бұл жұмыстардың барлығы үйлерді су басып кетпеуге бағытталуда.