СҚО әкімі Петропавлдағы газ мәселесінің қайталануына жол бермеуді тапсырды

19 Желтоқсан 2023, 10:13
429
Бөлісу:
СҚО әкімі Петропавлдағы газ мәселесінің қайталануына жол бермеуді тапсырды
Фото: СҚО әкімдігінің ресми сайты

Жақында Петропавлдағы кейбір көпқабатты үйді газбен қамтуда қиындықтар туындады, деп хабарлайды BAQ.KZ СҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы «Горгаз-сервис» серіктестігінің қызметімен танысты. 

Бұл кәсіпорын облыс орталығындағы 56 мың абонентті қамтитын 758 көпқабатты үйді газбен қамтамасыз етіп отыр. Жуырда кейбір көпқабатты үйлерді газбен қамтуда қиындықтарға тап болды. Қазір бұл мәселе шешілді.

СҚО әкімі Петропавлдағы газ мәселесінің қайталануына жол бермеуді тапсырды

Жауапты мемлекеттік органдарға бұл мәселені бақылауда ұстап, жағдайдың қайталануына жол бермеуді тапсырдым, — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Газбен жабдықтаушы компанияда пропан шығаратын шағын зауыт салу жобасы да бар. Бұл облысты өзімізде өндірілген пропанмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Облыс әкімі өңір үшін маңызды жобаны жүзеге асыру үшін қажетті көмек көрсетілетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы