Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясында айтты.
Аризона АҚШ-тың үздік мемлекеттік университеттерінің бірі. Олар бізге келіп, бірге жұмыс істеу үшін бір жылдан артық уақыт келіссөздер жүргізілді. Бұл бағытта бізді Үкімет те, Мемлекет басшысы да қолдады. Университет басшылығы жағдайды зерттеу үшін бірнеше рет келіп кетті. Халықаралық бағдарламаны бастау үшін оларды көп нәрсе қанағаттандырады, - деді әкім.
Ол сондай-ақ Аризона университеті медицина, биология, физика, астронавтика ғылымдары бойынша әлемдік үздік университеттердің ондығына кіретінін айтты. Онымен қоса университеттің NASA-мен тығыз байланыста жұмыс істейтінін, өзінің зертханаларында үлкен телескоптар құрастыратынын және оқу орнында Нобель, Пулитцер сыйлығының лауреаттары жұмыс істейтінін атап өтті.
Қазір біздің министрліктің заңгерлері мен Аризона университетінің заңгерлері жұмыс істеп жатыр. Қандай жағдайда да жұмысты биыл бастаймыз. Орын саны әлі нақтыланған жоқ, бірақ алдын ала есептер бойынша шамамен 500 студент алынады деп жоспарлануда және барлығы мемлекет есебінен берілетін гранттар, - деді ол.
Айта кету керек, студенттер 3 жарым жыл Петропавлда оқып, төртінші жылдың жартысында Америкада білім алады және қос диплом иеленеді.