Шпекбаев "СҚ-Фармацияның" жаңа басшылығына үлкен үміт артты

21 Шілде 2020, 16:05
1737
Бөлісу:
Шпекбаев "СҚ-Фармацияның" жаңа басшылығына үлкен үміт артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "СҚ-Фармацияның" жаңа басшылығы жемқорлық тәуекелдерін жою ұсыныстарын орындайды деп үміттенемін. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында төраға Алик Шпекбаев айтты.

Халық коронавирус жағдайының ушығуының негізгі себептерінің бірі - сыбайлас жемқорлық, бюрократия және жауапсыздық деп санайтындығы туралы әлеуметтік желілерді мұқият қадағалайтын адамдар менімен келіседі. Бұл, әсіресе, "СҚ-Фармацияның" лауазымды тұлғаларына, Медициналық сақтандыру қорына, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың бірқатар медициналық мекемесіне қатысты қылмыстық істер тұрғысында толығымен әділетті болмақ, - деді Шпекбаев. 

Ол атағандай, қазіргі уақытта "СҚ-Фармация" қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдауды сыртқы сарапшыларды кеңінен тарта отырып, жедел жүргізу қажет. 

Біздің талдауымыздың сапасы осы ұйымның болашақта қаншалықты тиімді және парасатты болуына байланысты болады. Бұл шара бірыңғай дистрибьютордың жаңа басшылығын бізден кем емес қызықтырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша барлық ұсынысты орындайды деп үміттенемін, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы