Спорттық гимнастика: Зейнолла Ыдырысов Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль еншіледі

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда финалда 13.733 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

 Ұлттық олимпиада комитеті Кеше 2026, 21:19
Кеше 2026, 21:19
445
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан Спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі жарысында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда финалда 13.733 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

Жарыс жеңімпазы ирландиялық Рис Маккленаган атанды – 13.900 ұпай. Ал оның отандасы Джеймс Хикки 13.566 ұпаймен үшінші орынды иеленді.

Айта кетейік, қол тіреп секіру жаттығуының финалында қазақстандық Роман Маменов өнер көрсетеді.

Наверх