Спорттық гимнастика: Диас Тойшыбек – халықаралық жарыстың жеңімпазы

Спорттық гимнастикадан Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Диас Тойшыбек алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 olympic.kz 17 Мамыр 2025 2025, 22:12
17 Мамыр 2025 2025, 22:12
448
Фото: olympic.kz

Спорттық гимнастикадан Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Диас Тойшыбек алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметке сәйкес, Диас ат снарядындағы жаттығуда үздік нәтиже көрсетті. Д. Тойшыбек ақтық сында төрешілердің шешімімен 14,033 ұпай жинады.

Сонымен қатар Зейнолла Ыдырысов 13,866 ұпаймен екінші орынды иеленді. Ал үшінші орын албаниялық Матвей Петровқа бұйырды — 13,200 ұпай.

Наверх