Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлады Olympic.kz.
Көпсайыста шымкенттік Дияс Тойшыбек (78,900) топ жарса, күміс жүлдені оның жерлесі Әлішер Тойбазаров (78,600), қоланы елордалық Дмитрий Патанин (78,400) иеленді.
Жекелеген снарядтар бойынша төмендегі спортшылар топ жарды:
Еркін жаттығу – Дмитрий Патанин (13,200);
Гимнастикалық ат – Дияс Тойшыбек (14,100);
Шығыршық – Акбар Джалали (12,900);
Қол тіреп секіру – Эмиль Ахмеджанов (13,400);
Қоссырық – Әлішер Тойбазаров (13,700);
Гимнастикалық керме – Эмиль Ахмеджанов (13,000).