Спорттық гимнастикадан әлем кубогі: қазақстандық үш спортшы финалға өтті

11 Маусым 2021, 07:23
1393
Бөлісу:
Спорттық гимнастикадан әлем кубогі: қазақстандық үш спортшы финалға өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі басталды. Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Іріктеу кезеңінен соң үш отандық гимнаст финалға өтті.

Милад Карими еркін жаттығуда үшінші, қоссырықтағы жаттығуда екінші орын алып, ақтық сынға жолдама алды.  Нариман Курбанов гимнастикалық ат снарядында екінші нәтиже көрсетіп, финалда сынға түсу құқығын алды. Сондай-ақ Фарух Набиев қоссырықта алғашқа алтылыққа еніп, финалдық кезеңге өтті.

Ақтық сын 12 маусымға жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы