Спортшыларға пәтер, көлік беру дұрыс па? – Жаңа министр жауап берді

13 Қараша 2024, 16:49
6423
Бөлісу:
Спортшыларға пәтер, көлік беру дұрыс па? – Жаңа министр жауап берді
Фото: автордан

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларға бағалы сыйлықтар беруге қаншадықты дұрыс екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде біздің жеңімпаздарға, жүлдегерлерге пәтер беру мәселесі "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңмен реттелген. Басқа да бағалы сыйлықтар бойынша біз әкімдіктерге хабарласып, спортшыларымызды қолдау бағытында ақылдасып сөйлесеміз. Бұдан бөлек халық әр спортшы спорттық аренада сынға түскен кезде тақымын қысып отырады. Оны Олимпиада, Азия ойындары көрсетті. Үлкен іс-шаралардан келгеннен кейін біздің жеңімпаздар, жүлдегерлерді қаншама азаматымыз сыйақы беріп, күтіп алады. Олар медаль алмаған спортшыларға да көлік беріп, сағы сынбасын деп азаматтық танытып жатады, - деді министр.

БАҚ өкілдері Олимпиадаға лицензия алған спортшыларға бағалы сыйлықтар беру дәстүрге айналып кеткенін айтып, министрдің ойын білді.

Спортшының бала кезінен бастап жоғарғы спортқа жеткені – үлкен еңбектің жолы. Көп шектеулерден өтіп, бала кезінен спорт пен білімді қатар алып жүреді. Абыройлы жарыстарда елдің туын көтереді. Менің ойымша, шынымен спортшыны жан-жақты қолдап жатса, ол лицензия ала ма, оған дейінгі әлем, Азия чемпионатын жеңген шығар, Қазақстан біріншілігін жеңу де спортта үлкен жетістік. Сондықтан әрине оны мен қолдаймын, ол дұрыс деп есептеймін, - деп түсіндірді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елімізде қандай спорт түрлеріне басымдық берілетінін айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы