Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Спортшылардың олимпиадаға киетін формасы сынға ұшырады

Олжас АДАЙ
Бүгiн, 13:00
205
Бөлісу:
 Ақорда
VIDEO
Фото: Ақорда

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақстандық спортшылардың салтанатты киім үлгісіне қатысты айтылған сынға пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, биыл салтанатты форма толықтай Қызылорда қаласындағы отандық бренд тарапынан тігілген. Барлық ескертулер мен ұсыныстар ескеріліп, дизайн спорт қауымдастығымен келісілген.

Алдағы Азия ойындарына байланысты ашық конкурс жариялаймыз. Ал қазіргі салтанатты форма спортшыларымызға ұнап отыр. Барлығы тігілді, спорт қауымдастығымен бірлесе отырып келісілді. Салтанатты формадан бөлек, бізде жарыс кезінде қолданылатын спорттық жауынгерлік экипировка бар. Биыл дәл осы экипировканың нәтижеге тікелей әсер ететінін ескере отырып, халықаралық Under Armour брендімен келісімшарт жасадық. Бұл форма спортшыларымыздың жарыстарда қолдануы үшін алынған, – деді министр.

Экипировка жиынтығына жазғы және қысқы спорт түрлеріне арналған формаларды қоса алғанда, шамамен 18 түрлі бұйым кіреді. Келісімшарт бюджеттен тыс қаражат есебінен жасалған, ал бренд тарапынан 70 пайыздық жеңілдік ұсынылған.

2026 жылдың күзінде Жапонияның Нагоя қаласында өтетін келесі жазғы Азия ойындары қарсаңында салтанатты форманы әзірлеу бойынша барлық отандық брендтердің қатысуымен ашық конкурс өткізу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы