Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы төленетін төлемдер 4 есе артуы мүмкін

2 Қазан 2021, 11:40
3182
Бөлісу:
Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы төленетін төлемдер 4 есе артуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт министрлігі заңға тиісті өзгерістер енгізіп, талқылауға шығарды. Заң қолдау тапса, онда 2022 жылдан бастап спортшыларға жаңа төлем жүргізіле бастайды.

Олимпиада ойындарының қазақстандық жүлдегерлері мен әлем чемпиондарына, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларына өмір бойғы ай сайынғы төлемдер ұлғайтылуы мүмкін. Қазіргі күні тиісті өзгерістерді Мәдениет және спорт министрлігі талқылауға шығарды.

Мәдениет және спорт министрлігі қоғамдық талқылауға ұсынып отырған Қаулы жобасының мақсаты – ай сайынғы материалдық қамсыздандыру төлемдерін арттыру арқылы спортшылар мен жаттықтырушыларды жоғары спорттық нәтижелерге ынталандыру, әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету. Аталған өзгерістерді ұсыну кезінде көптеген мемлекеттің тәжірибесі зерттелді. Жоғарыда айтылған Ресейден бөлек, АҚШ, Канада, Австрия, Швейцария, Ұыбритания сынды бірқатар елдердің қаржылай қолдау көрсету механизмі негізге алынды, - деді министрліктің баспасөз қызметі.
Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы және ай сайынғы материалдық қамсыздандыру «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға сәйкес, республикалық бюджеттен төленді.
Аталған өзгеріс 14 қазанда қоғамдық талқылаудан өткен соң республикалық бюджеттік комиссия отырысында талқыланады. Өзгеріс қолдау тапса, материалдық қамсыздандыру 2022 жылы Заң жүзінде іске асады, - дейді ведомство.
Заңда Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпиондары атағын жеңіп алған спортшыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды 100 АЕК-ке (2021 жылы 291 700 теңге) дейін арттыру ұсынылады.

Осы спортшыларды дайындаған жаттықтырушыларға да 100 АЕК төлеу жоспарланып отыр.

Қазір спортшылар мен жаттықтырушыларға 24 АЕК - 70 008 теңге төленеді.

Өзгелердің жаңалығы