Спортшы Илья Ильин сәбилі болды

20 Ақпан 2024, 22:41
1003
Бөлісу:
Спортшы Илья Ильин сәбилі болды
VIDEO
Фото: olympic.kz

Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин екінші рет әке атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қуанышты жаңалықты спортшының өзі жеткізді. Сөзінше, қызын Аили деп атаған.

Сүйінші! Қазақ елі! Танюша екеумізді қызымыздың дүниеге келуімен құттықтауға болады! Қазақстанның және әлемнің жаңа азаматы -  Ильина Аили Ильинична! Бізде жоспарлы кесарево болды, бәрі жақсы өтті! Бойы: 50 см, салмағы: 3 кг 178 г. Бізді қолдағандардың барлығына алғысымыз шексіз! Біз сіздерді қатты жақсы көреміз!, - деп жазды Ильин Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, бұл спортшының екінші некесі. Бірінші некесінен де қызы бар.

Өзгелердің жаңалығы