Спорт саласында демеушілік саясатты іске асыратын бірыңғай оператор құрылады

19 Қараша 2019, 11:38
2805
Бөлісу:
Спорт саласында демеушілік саясатты іске асыратын бірыңғай оператор құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дене шынықтыру және спорт саласында демеушілік көмек көрсету жөніндегі саясатты іске асыратын бірыңғай оператор құрылмақ. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов мәлімдеді. 

Бірыңғай опреатор қызметінің негізгі мақсаты – дене шынықтыру мен спортты тұрақты дамытуды қамтамасыз ету. Бірыңғай оператор қаржыландырудың басты көзі ретінде дене шынықтыру және спортты дамытуға бюджеттен тыс ақша бөлумен айналысады. Бірыңғай операторға "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ демеушілік көмек көрсету, дене шынықтыу мен спортты дамыту үшін әлеуметтік жобаларды іске асыруға бағытталған ҚР заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат көздері есебінен қаржы түсетін болады, - деді вице-министр.
Рамазанов Ұлттық сурдлимпиада комитетінің мәртебесі мен өкілеттілігін күшейтуді көздейтін ұлттық сурдлимпиада қозғалысы жаңа баппен толықтырылатынын айтты. Бұл сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша мүгедек спортшылар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу мақсатында іске асырылатын болады. 

Айта кетсек, бүгін ҚР Парламенті Сенатында кейбір заңнамалық актілерге дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралған болатын.

Допингпен ұсталғандарды жазалау өзгертілетіні туралы осыған дейін  жазғанбыз. Сондай-ақ, жыл басынан бері 37 допинг ережесін бұзу фактісі анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы