Қазақстанның соңғы жаңалықтары

SpaceX Starship ғарыш кемесінің 10-шы сынақ рейсін тоқтатты

25 Тамыз 2025, 07:12
573
Бөлісу:
 REUTERS/Steve Nesius
Фото: REUTERS/Steve Nesius

SpaceX компаниясы техникалық ақауларға байланысты Starship ғарыш кемесінің 10-шы сынақ рейсін тоқтатты. Бұл туралы компанияның ресми хабарламасы әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Зымыран Техас штатындағы Starbase ғарыш айлағынан Мәскеу уақытымен 2:30-да ұшырылуы тиіс еді. Алайда жердегі жүйелердегі ақаулар анықталып, сынақ уақытша кейінге шегерілді. Ұшырылымның жаңа күні әзірге белгісіз.

Бұл – SpaceX үшін алғашқы кідіріс емес. Бұған дейін:

  • 19 маусымда Техаста статикалық сынақ барысында Starship ауыр тасығышының бірінші сатысы жарылып, жанармайдың ағып кетуіне әкелген.
  • 28 мамырда компанияның тоғызыншы сынақ рейсі де сәтсіз аяқталған болатын.

Starship – Илон Маск басқаратын SpaceX компаниясының Марс пен Айға ұшу бағдарламаларына арналған аса ауыр зымыран тасығышы. Жоба әлемдегі ең қуатты және қайта пайдаланылатын ғарыш кемесін жасауға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы