S&P Global Ratings: Kaspi Bank-тің кредит портфелінің сапа көрсеткіштері өте жоғары

4 Шілде 2022, 17:13
1155
Бөлісу:
S&P Global Ratings: Kaspi Bank-тің кредит портфелінің сапа көрсеткіштері өте жоғары

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мықты операциялық көрсеткіштерге байланысты рейтинг «BB-/B; болжам «Жағымды» деңгейінде мақұлданды.

28 маусымда S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Kaspi Bank» АҚ эмитентінің ұзақмерзімді және қысқамерзімді кредиттік рейтингтерін «ВВ−/В» деңгейінде, ұлттық шкала бойынша эмитенттің рейтингін «kzА» деңгейінде растады. 

Рейтингтер бойынша болжам – «Жағымды».

S&P рейтинг агенттігінің кредиттік портфеліміздің сапасына және жалпы Kaspi.kz бизнес-моделінің бірегейлігіне жоғары баға беріп отырғанына қуаныштымыз. Біздің командамыз жетілдіру мүмкіндіктерін үнемі іздестіреді, бұл компаниямыздың операция бойынша керемет көрсеткіштерінен көрінеді, – деп пікір білдірді Kaspi.kz-тің негізін қалаушылардың бірі әрі басшысы Михаил Ломтадзе.

«Kaspi Bank-тің рейтингтері бойынша «Жағымды» болжамы банктің алдағы 6-12 айда активтер сапасының жақсаруын, соның ішінде қазақстандық банктермен салыстырғанда кредиттер бойынша неғұрлым төмен шығын деңгейін тұрақты түрде ұстап тұрады деген болжамымызды көрсетеді», – деп атап өтті агенттікте.

Кредиттік портфельдің сапасы бірнеше жыл қатарынан үнемі жақсарып келеді. ХҚЕС анықтамалары бойынша 3-кезеңге сәйкес сипаттамалары бар кредиттердің үлесі 2020 жылдың соңындағы 10%-бен салыстырғанда кредиттік портфельдің 5%-ға жуығын құрады. Сондай-ақ агенттік кредиттер бойынша ықтимал шығындар резервтерін қалыптастыру шығыстары 2022 жылы 2% деңгейінде қалады деп күтеді.

Kaspi.kz операциялар бойынша жоғары көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Орташа меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті (ROAE) соңғы бірнеше жылда 80% -дан астам көрсеткішті құрады. Бұл аймақтағы көптеген банкпен салыстырғанда жоғары. S&P көрсеткіш алдағы екі жылда осы деңгейде қалады немесе арта түседі деп болжайды.

Сарапшылардың пікірінше, топ бизнесінің тұрақтылығына ол қызметін жүргізетін барлық платформадағы мықты нарықтық позициялар, сондай-ақ бизнесті жоғары әртараптандыру ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы