Сөзіңізге құлақ ассам, бәрі жақсы сияқты: Депутат Ильиннен Алматының жағдайы туралы сұрады

5 Сәуір 2023, 10:59
2068
Бөлісу:
Сөзіңізге құлақ ассам, бәрі жақсы сияқты: Депутат Ильиннен Алматының жағдайы туралы сұрады
Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытжан Базарбек Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге Алматы қаласындағы құрылыс мәселесіне қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында оның болу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заңның жобасын таныстырды.

Келісімге 2022 жылдың 17 маусымында қол қойылды.

Министр Қазақстан мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталығы халықаралық ұйымдардың 6 млн доллары тартылған.

Депутат Бақытжан Базарбек министрдің сөзін тыңдап, өз пікірін қоса кетті. Сөзінше, заң орындалып, барлығы жақсы сияқты көрінеді.

Сіздің (Юрий Ильин – ред.) сөзіңізге құлақ ассам, бәрі жақсы сияқты. Заң орындалып, құрылыс нормалары сақталып жатыр. Әп-әдемі. Бірақ іс жүзінде ондай емес. Әсіресе, ең өзекті және күрделі болып отырған аймақ Алматы қаласы болып отыр. Ең қауіпті аймақ Медеу, Нарузыбай және Бостандық аудандары. Сейсмологиялық, сел қаупі төнген аймақтар Алматы әкімдігі мен құрылыс компаниялары сел қаупі туындайтын тауға кетіп бара жатыр. Жер кодексі және сәулет қала құрылыс нормаларын сақтап жатқан құрылыс компаниялары жоқ. Салынып жатқан құрылыс нысандарының 33 пайызы заңсыз, сейсмоқауіпті техтоникалық аймақтарда орналасқан. Проблеманың шешілу жолын көріп отырған жоқпын. Құрылыс нормалары сақталып жатқан жоқ. Бұл орталық сейсмоқауіпті аймақтарды сақтап қала ала ма? - деп сұрады ол.

Юрий Ильин бұл орталық жергілікті атқарушы органдардың қызметіне араласа алмайтынын айтты.

Орталық халықаралық тәжірибені ескере отырып, жаңа әдістер мен ұсыныстарды дайындайды. Мен де Алматыда ұзақ жыл тұрған адам ретінде ол мәселені түсінемін. Көптеген мердігер заңсыз жерлерге құрылыс жүргізеді. Сел қаупіне қатысты айтатын болсақ, тәуелсіздік жылдары біз алғаш рет селден қорғайтын 3 жобаны жүзеге асырып жатырмыз, - деп жауап берді ТЖМ басшысы.

Өзгелердің жаңалығы