СOVID-19. Вакцинаның қанша қоры бар?

18 Қаңтар 2022, 18:26
1124
Бөлісу:
СOVID-19. Вакцинаның қанша қоры бар?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады. Оның айтуынша, екпенің қорын құру үшін елімізде қажетті барлық жағдай жасалған.

Вакцинаның қомақты қоры бар, оның көлемі 5 млн дозаны құрайды. Оның 2,8 млн дозасы, атап айтқанда, Спутник V», «QazVac», Синофарм, Пфайзер екпелері вакцинация үшін, ал («QazVac», Синофарм, Пфайзер екпелерінің 2,2 млн дозасы ревакцинацияға арналған, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар 60 жастан асқандарды ревакцинациялау үшін Пфайзер екпесі қолданылатынын алға тартты.

Халықтың тәуекел топтарын қорғау үшін ревакцинациялауға арналған вакцинаны таңдау мүмкіндігін кеңейттік. 60 жастан асқан тұлғаларға қосымша  Комирнати («Пфайзер») вакцинасы ұсынылады. Аймақтар да 23,8 млн доза вакцинамен қамтамасыз етілді, - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы