СOVID-19: Түркістан облысында 4 сынып карантинге жіберілді

10 Қыркүйек 2021, 18:47
10095
Бөлісу:
СOVID-19: Түркістан облысында 4 сынып карантинге жіберілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Түркістан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Нышанов хабарлады. Сондай-ақ ол қыркүйектің алғашқы онкүндігінде облыс бойынша білім алушылардың арасындағы індет жұқтыруға қатысты тоқталды.

1-9 қыркүйек аралығында Түркістан облысында мектеп оқушылары арасында коронавирус жұқтырған 68 жағдай, мектеп-интернат ұжымының арасында 2 жағдай, мектеп мұғалімдерінің арасында 16 жағдай, балабақша тәрбиеленушілерінің арасында 2 жағдай тіркелді. Сонымен қатар 2 колледж студенті, ЖОО-да және басқа қызметкерлердің арасында 10 індет жұқтыру дерегі анықталды, - деді Нұрбек Нышанов.

Оның айтуынша, бәрі мектепке дейінгі инкубациялық кезеңде, үй жағдайындағы қарым-қатынаста болған.

Вирус жұқтыру жағдайларының мектеп процесіне қатысы жоқ. Яғни ауруды мектепке дейін жұқтырған. Әзірге ешқандай мектеп карантинге жабылмады. Тек бір мектептің 4 сыныбы онлайн оқытуға жіберіліп, ол туралы қаулы қабылданды, - деп атап өтті өңірдің бас санитар дәрігері.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысының «жасыл» аймақтан шықпауының сыры туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы