Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысында әскери госпиталь қызметкері СOVID-19-ға қарсы күрестегі қызметі үшін алған үстемеақысының 50%-ын бұрынғы бас медбике мен бұрынғы бастығына беріп отырған.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты.
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талдықорған қаласындағы әскери госпитальдің бұрынғы бастығы мен аталған госпитальдің бұрынғы бас медбикесіне қатысты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша тергеуді бастады. Олар жұмысқа орналастырғаны және қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін СOVID-19-ға қарсы күрестегі қызметі үшін госпиталь қызметкеріне түскен үстемеақының 50% мөлшерін құрайтын 1 млн теңге ақшалай қаражат алуда күдікке ілінді, - дейді Данияр Бекайдаров.Оның айтуынша, 2020 жылғы 13 қазанда әскери госпитальдің бұрынғы бастығына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Іс бойынша тергеу жалғасуда.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда ұсталған мәйітхана директорының видеосы жарияланды.