Соттар мен БАҚ арасындағы ынтымақтастыққа арналған семинар аяқталды

5 Шілде 2019, 18:40
1813
Бөлісу:
Соттар мен БАҚ арасындағы ынтымақтастыққа арналған семинар аяқталды

Алматы, BAQ.KZ. ЕҚЫҰ қолдаған соттар мен БАҚ арасындағы диалог пен ынтымақтастықты ілгерілету бойынша екікүндік оқыту семинары  аяқталды.

Қатарынан өткен екікүндік оқыту семинарларында соттар мен БАҚ арасындағы тиімді коммуникациялық стратегиялар, әр түрлі каналдар мен алуан түрлі контекстер арқылы журналисттермен және жұртшылықпен өзара әрекеттесу бойынша ең үздік тәжірибелер, сот процестерін жарықтандырудағы БАҚ-тың рөлі, сондай-ақ сот актілеріне қолжетімділік үшін өтініштерді дұрыс ресімдеу тақырыптары талқыланды. Бұдан басқа іс-шаралар жаңа медиа құралдар және әлеуметтік желілерді, соның ішінде баспасөз хабарламаларын дұрыс дайындау және баспасөз брифингтерін өткізу жөніндегі тәжірибелік жаттығуларды жүргізуге арналған сессиялардан тұрды.

Алматы, Қызылорда, Тараз және Шымкент қалалары, Алматы, Шығыс-Қазақстан, Түркістан облыстарынан келген қырыққа жуық судья-үйлестірушілер, баспасөз-хатшылары, журналситтер мен блогерлер осы іс-шараларға қатысты. Олар сұхбаттар мен баспасөз конференцияларына дайындалу, шиеленіс жағдайларды шешу және әлеуметтік желілердегі критикалық материалдарға ден қою тәсілдерін үйренді, және де бірқатар тәжірибелік кейстерді қарастырды.

Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Жоғарғы сот, Қазақстандағы Фридрих Эберт қоры, Қазақстанның Сот журналисттері лигасы, Интерньюс Қазақстан және АҚШ Халықаралық даму агенттілігі (USAID) тең ұйымдастырған семинарлар соттар мен БАҚ арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету бойынша Бағдарламалар офисінің көпжылдық жұмысының бір бөлігі.

Өзгелердің жаңалығы