2023 жылдың 3 наурызынан бастап Соттан тыс банкроттық рәсімге 102 мың өтініш түскен. Оның 1500-і мемлекеттік кірістер органдарында қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.
Қазір 6500 азаматқа қатысты рәсім жүргізіліп жатыр. 1600 адамға қатысты рәсім тоқтатылды. 13 мың азамат банкрот деп танылып, 27,3 млрд кешірілді. 1200 азамат атаулы әлеуметтік көмек алушылар 1,4 млрд теңге қарызы бар. 6500 азамат банкрот деп танылып, 18 млрд теңгеден астам қаражат есептен шығарылды, - деді спикер.
Сондай-ақ, б анкроттық рәсімін бас тарту жағдайлары да тіркелген. Оның себептері арнайы критерийлерге сәйкес келмеген.
61 мың өтініш 12 айлық төлем қабілетсіздігі болмауына байланысты, 37 мың өтініш соттан тыс банкроттыққа жататаны қаржы ұйымдарының тізімінде кредиторлардың болмауы, 32 мың өтініш мүліктің болмауы, 25 мың өтініш кредитормен реттеу рәсімін растайтын құжаттың болмауы, 8 мың өтініш 1600 АЕК көлемінде қарыз шегінен асып кетті, - деді Ержан Біржанов.
Жалпы екі банкроттық рәсім бойынша 13 мың адам банкрот деп, 40 млрд теңгеге жуық қарыз кешірілген.