2023 жылғы 16 наурызда борышкер оған соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз берген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылғы 18 қыркүйекте салық органымен соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылданған.
Банк, сотқа талап қоюмен жүгініп, салық органының борышкерге қатысты соттан тыс банкроттықты қолдану туралы шешімін заңсыз деп тануды сұраған.
МАӘС-ы талап қоюдан бас тартуды борышкердің мерзімі 3 180 күн, яғни 5 жылдан астам уақыт өткенімен, сонымен қатар несие беруші 2014 жылдан бері қалған берешекті өндіріп алу шараларын қолданбағанымен уәждеген.
Апелляция бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарымен келесі негіздер бойынша келіспеген:
1) соттан тыс банкроттық туралы мәлiмдеме бергенге дейiн Банкпен берешекті өндiрiп алу бойынша есеп айырысу тәртібі сақталмаған;
2) берешек 1600 АЕК-тен асса, бұл банкроттық рәсімін қолдану үшін негіз болып табылады.
Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық қаулының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін қалпына келтірді.
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттықты қалпына келтіру туралы» Заңының 5-бабының 3-тармағының ережелерін дұрыс түсіндірмеу салдарынан апелляцияның қорытындысы қате деп танылды. Көрсетілген норманың мазмұнына сүйенсек, егер міндеттемелердің орындалмау мерзімі өтініш берілген күні 5 жылдан астам болса, онда қарыз сомасының, мүліктің болуының, реттеу шараларын қолданудың заңдық мәні болмайды.
Заңның 5-бабының 1-тармағында белгіленген шекті мәннен асып кету борышкерге соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану үшін кедергі болып табылмайды.