Сотталғандар саны белгіленген межеден асып бара жатыр – Абзал Құспан

26 Наурыз 2025, 13:24
392
Бөлісу:
Сотталғандар саны белгіленген межеден асып бара жатыр – Абзал Құспан
Фото: BAQ.KZ архив

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан жазасын түрмеде өтеп жатқан әйелдерге рақымшылық жасауға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жазасын өтеп жатқан әйелдерге жеңілдік жасау туралы мәселе. Биылдың қаңтар айында Мәжіліс депутаттары тарапынан тиісті депутаттық сауал жолданды. ІІМ депутаттармен келісетіні жайлы және оларға жеңілдік жасауға, яғни рақымшылық жасауға байланысты өздерінің позицияларын білдірді. Жақын арада шешімін табады деп ойлаймын, - дейді депутат.

Оның ойынша, ол әйелдерге ғана емес, басқа да әлеуметтік аз қорғалған азаматтарды да қамтуы мүмкін.

Алдағы уақытта рақымшылық туралы заң қабылданып қалуы әбден мүмкін. Оған қосымша бір себеп - жалпы бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандар саны беліленген межеден асып бара жатыр. Орташа есеппен алғанда 4-5 жыл сайын жариялап тұрмыз, сол саясаттың жалғасы болады деп есептейміз, - деді Мәжіліс депутаты Абзал Құспан.

Еске сала кетейік, Ұлттық құрылтайта Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былай деген болатын.

Адамгершілік құндылықтарды басшылыққа алып, “Заң мен тәртіп” қағидатын сақтай отырып, кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерге қатысты кейбір заңдық ұстанымдарды қайта қарауға болады деп ойлаймын. Құқық қорғау органдары мен депутаттар осы мәселені байыпты әрі жан-жақты зерттеп, шешім қабылдау үшін ұсыныстар енгізуі керек, - деген еді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мәжіліс депутаттары Сенаттың Су кодексіне енгізген түзетулерімен келіскені туралы жазғанбыз. Сондай ақ шекаралық аудандарға арнайы мәртебе беру ұсынылды.

Өзгелердің жаңалығы