Сотталғандардың қандай тәртіптерді бұзғаны анықталды

27 Қыркүйек 2021, 11:45
1341
Бөлісу:
Сотталғандардың қандай тәртіптерді бұзғаны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз ведомствоның дәстүрлі брифингінде айтты.

18-25 қыркүйек аралығында «Қадағалау» жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Профилактикалық шараны өткізуге Қылмыстық-атқару жүйесі мен Ұлттық ұланның 4 мыңға жуық қызметкері қатысты. Бір апта ішінде жазаны өтеу тәртібін бұзудың 153 дерегі анықталды. 1747 тінту іс-шарасы өткізілді, - деді Ораз.

Ол атап өткендей, Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері де тексерілді.

Тінту нәтижесінде мекемеге кіргізбек болған 55 ұялы телефон, есірткі және 1000 теңге ақша тәркіленді. Бұл заттарды кіргізуге тырысқан 4 адам ұсталды, - деді Нұрділдә Ораз.


Өзгелердің жаңалығы