ҚАЖД басшысының бірінші орынбасары пара алғаны үшін сотталды

28 Қараша 2019, 12:59
2136
Бөлісу:
ҚАЖД басшысының бірінші орынбасары пара алғаны үшін сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД басшысының бірінші орынбасары пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті болған "Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" РММ басшысының бірінші орынбасары, әділет майоры Т.К.Тұрсынбаевқа қатысты тергеу жүргізген болатын. 

Ол бағынышты қызметкерден қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 132 мың теңге көлемінде пара алуда күдікті болған, - делінген хабарламада.
Қарашада №2 Қызылорда қалалық сотының үкімімен аталған лауазымды тұлға пара алғаны үшін айыпты болып танылды және оған арнаулы атағынан айыру, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға  өмір бойы тыйым салумен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. 
Өзгелердің жаңалығы