Сот жүйесін реформалау бойынша маңызды ұсыныстар дайындалды – Сенат

29 Қараша 2022, 12:20
1666
Бөлісу:
Сот жүйесін реформалау бойынша маңызды ұсыныстар дайындалды – Сенат

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгін талқыға салынып отырған ұсыныстарға Сенатта қызығушылық  танытқан мемлекеттік органдардың қатысуымен қаралып, түзетілген Жоғарғы Соттың бастамалары негізге алынды. Жалпы, жұмыс тобы сот жүйесін реформалау бойынша маңызды, өзекті және теңдестірілген ұсыныстар дайындады, - деп атап өтті Сенат спикері «Сот жүйесін реформалауды заңнамалық қамтамасыз ету» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында.  

Сонымен қатар ол дайындалған ұсыныстардың негізгі мазмұнына тоқталды.

Бүгін қарастырылып отырған мәселе – сот жүйесін жаңарту бойынша ұсыныстардың бір бөлігі ғана. Сотқа күштік органдардың қысымын төмендету мен қылмыстық кодекстегі жарыспалылықты дамыту бойынша тетіктер әзірленді. Қылмыстық әрекеттер туралы істерді жеке  жеңілдетілген өндіріске бөлу ұсынылып отыр. Бұл сотқа дейінгі тергеуді жеңілдетеді, тергеушілер, прокурорлар мен соттардың жұмысындағы артық жүктемені алып тастауға жол ашады. Жалпы, соттың істе қарауын жеке санаттар бойынша 5 жыл ішінде кезең-кезеңмен дамыту ұсынылады. Сондай-ақ тұтқынға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасын қолдануды кеңейту керек, - деді Мәулен Әшімбаев.

Белгілі болғандай, елімізде бүгінгі таңда қамауда ұстау бұлтартпау шарасының ең көп таралған түріне айналып отыр. Ол 95-97% жағдайда қолданылады. 

Өзгелердің жаңалығы