Сот Жанабыловтарды қылмыстық іс бойынша сот талқылауы аяқталғанға дейін үйқамақта қалдыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сот отырысы барысында айыпталушыларға қатысты бұлтартпау шарасы мәселесі қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша сот бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын – үйқамақты өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды.
Осылайша, Жанабыловтар іс бойынша сот процесі толық аяқталғанға дейін үйқамақта болады.
Бұған дейін Астанада танымал блогерлер Жанабыловтарға қатысты алдын ала сот тыңдалымы басталғанын хабарладық. Белгілі болғандай, Жанабыловтарды сотта басқа адвокат қорғайды.
Министр Ербол Мырзабосынов блогер Жанабыловтардың конкурсына байланысты туындаған дау жөнінде пікір білдірген.
Айта кетейік, жыл басынан бері құзырлы орган 34 блогердің заңсыз онлайн-ойындарды жарнамалауға қатысы барын анықтады.
Астанада блогер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайының ісі бойынша адвокат сот шешімін заңсыз деп атап, шешімге апелляция берілген болатын.
Әкімшілік істен қылмысқа дейін ұласқан "Жанабыловтар ісі" қоғамға қалай әсер еткені жайлы арнайы шолуымызды мына жерден оқи аласыздар.
ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру фактілері бойынша блогерлер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтап, олардың үйқамаққа алынғанын хабарлаған болатын.