Сот төрағасы мен судьялар нақты істі керекті судьяға бөле алмайды – Шәріпов

15 Сәуір 2022, 12:23
2530
Бөлісу:
Сот төрағасы мен судьялар нақты істі керекті судьяға бөле алмайды – Шәріпов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Сотқа түскен істер, материалдар о бастан автоматты түрде арнайы бағдарлама, компьютер арқылы кездейсоқ тәртіппен судьяларға бөлінеді. Сот төрағасы, судья болсын нақты істі керекті судьяға бөлуге мүмкіндігі жоқ. Дәл осы қатаң тәртіп аппеляциялық тәртіп, кассациялық тәртіпте де қатаң сақталады. Шағымдар мен өтініштер, наразылықтарды қарау тәртібі процестік кодексте нақты белгіленген, - деді Шәріпов. 

Ол атағандай, істер ең алдымен бірінші сатыда, яғни, аудандық және оған теңестірілген  соттар. 

Егер тараптар сот актісімен келіспесе, шағымдану тәртібімен аппеляциялық деңгейде облыстық соттарға береді, оған келіспесе, кассациялық шағыммен Жоғарғы сотқа жүгінеді. Кассациялық шешіммен келіспеген азаматтың тағы екі шешімі бар. Алғашқысы Бас прокурорға жүгініп наразылықты енгізуді сұрау, екіншісі Жоғарғы соттың төрағасына жүгініп, аталған азматтық, қылмыстық іс болсын ұсынысты енгізуді сұрау. Сот актілерді қараудың басқа жолдары жоқ, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы