Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жолаушылар тасымалы" АҚ билеттерді қайтару кезінде 1 000 теңгені негізсіз ұстауына байланысты кінәлі деп танылды, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Оқи отырыңыз:
Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің хабарлауынша, бұдан бұрын осы жылдың ақпан айында монополияға қарсы орган оған бұзушылық белгілерінің бар-жоғы және тергеп-тексеру басталғанға дейін оны жою мүмкіндігі туралы хабарлама жолдады. Алайда "Жолаушылар тасымалы" АҚ заңда көзделген осы құқықты пайдаланбады және нәтижесінде сотта "ұтылды", - делінген жарияланған ақпаратта.Осыған дейін "Жолаушылар тасымалы" АҚ тек арзан билетті қайтарған кезде жолаушыдан ұсталып қалатын айыппұлды алып тастағаны туралы жазғанбыз.