Сот сенімін ақтамаған өскемендік тұрғынның жазасы ауырлады

26 Қараша 2020, 12:45
1542
Бөлісу:
Сот сенімін ақтамаған өскемендік тұрғынның жазасы ауырлады

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бас бостандығы шектеліп, бақылауда жүрген өскемендік тұрғын сот сенімін ақтамағаны үшін жазасының қалған бөлігін темір тордың ар жағында өткеретін болды.

Бұл туралы Өскемен қалалық пробация қызметі хабарлады.

Пробация қызметі, қылмыстық – атқару жүйесінің бір бөлімі ретінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындайды. Алайда, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза кесілген кейбір сотталғандарға тәрбиелік маңызы бар шаралар жүргізілсе де, олар сот сенімін ақтамай жатады. Осындай жағдайдың бірі жақында облыс орталығында орын алды. Ұрлық жасап төрт жыл мерзімге бас бостандығы шектелген өскемендік тұрғын қалалық пробация қызметінің есебіне алынған болатын. Жазаны өтеу барысында ол пробация қызметі инспекторлары жүргізген профилактикалық іс-шараларға қарамастан, бірнеше рет жаза өтеу тәртібін бұзған, – дейді Өскемен қалалық пробация қызметі бөлімінің инспекторы Ажар Оразғалиева.

Аталған азамат тарапынан заңбұзушылық қараша айының 23-30 аралығында пробация қызметі жүргізген жергілікті «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы кезінде анықталды. Сол себепті, оның бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған. Осылайша, ол кесілген жазаның қалған бөлігін темір тордың ар жағында өткеретін болды.

Өзгелердің жаңалығы