Сот орындаушысына қол көтерген алматылық оған қарсы арыз жазды

15 Қазан 2021, 16:16
6387
Бөлісу:
Сот орындаушысына қол көтерген алматылық оған қарсы арыз жазды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сот орындаушысына қол көтерген алматылық Мақсот Ысқақов әкімшілік сотқа талап-арыз жазды. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Мақсот Ысқақов жеке сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп тануды сұрайды.

Бұл іс бойынша алдын ала тыңдалым 5 қарашаға белгіленген.

Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденовтің айтуынша, бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сәйкес сараптамалар да тағайындалды. Сот орындаушысы арыз жазды. Екі тараптың фактілері мен дәлелдері тексеріліп, қолда бар бейнематериалдар зерттеліп жатыр, - деді мегаполистің Полиция департаментінің басшысы.
Еске сала кетейік, 4 қазан күні Алматыда заңсыз нысанды сүру кезінде сот орындаушысы соққыға жығылған еді. Оны қабырға және өкпе тұсынан ұрған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері де болған.
Өзгелердің жаңалығы