Сот арыз берушілерге жәрдемдесуі керек – Түкиев

25 Қаңтар 2021, 16:54
1970
Бөлісу:
Сот арыз берушілерге жәрдемдесуі керек – Түкиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Аслан Түкиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты. 

АПК-да судья инертті және пассивті болуы керек, себебі кодекс бойынша тараптар бірдей және қорғанысты әрбір тарап өздері қамтамасыз етуі керек. Ал ӘРПК арыз беруші әлсіз, сот арыз берушінің өтініші бойынша сот құзырлы органның шешіміне ревизия жасауы керек. ӘРПК бойынша жауапты орган құзырлы орган болып есептеледі. Керісінше болмайды. Егер кері іс болса, ол АПК бойынша қарастырылады, - деді ол. 

Түкиев айтқандай, судьяның белсенді болуы істерді үйлестіруге бағытталған. 

Сот белсенді түрде арыз берушілерге бюрократиялық сұрақтардан бастап арыз берудің мағынасына дейін жәрдемдеседі. Мұның барлығы қазір АПК бойынша жүзеге асыру мүмкін емес, - деді ол. 

Айта кетейік, биыл шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қолданысқа енгізіледі. Кодексте азаматтардың мүдделерін, оның ішінде мемлекеттік органдардың негізсіз және жеткілікті түрде уәжделмеген шешімдерінен қорғауға арналған қағидаттар енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы