Павлодар облысының әкімі Асайын Байқанов Павлодар қаласындаға төбелес кезінде зардап шеккен жасөспірімнің отбасына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін мен аппараттық жиналыстың жабық бөлігінде Павлодар қаласында оқушыны жабылып ұрып-соғу оқиғасы бойынша сұрақты қозғадым. Ата-ана ретінде мен бұған бей-жай қарай алмадым, сондықтан, полиция департаменті мен облыстың білім басқармасының басшылығына орын алған жағдайды тергеу барысымен мені хабардар етіп отыруды тапсырдым, - деді Асайын Байқанов.
Әкім мектепке барып педагогтармен сөйлескенін айтты.
Жиналыстан кейін күдіктілер мен зардап шеккен балалар оқитын мектептердің біріне барып, педагогтармен сөйлестім, мемлекеттік органдарға зардап шеккен баланың отбасына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырдым. Мұндай фактілер біздің қоғамда үйреншікті жағдайға айналмауы керек. Ондай жағдайларды түбімен жою, балаларды мейірімділікке, адалдыққа және әділеттілікке тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз, - деді ол.
Еске салсақ, 24 шілде күні кешкі сағат 20:30-да Павлодар көшелерінің бірінде төбелес болған. Онда 14 жастағы жасөспірім зардап шеккен болатын.