Сооронбай Жээнбеков ЕАЭО өкілеттігін күшейтуді ұсынды

29 Мамыр 2019, 16:04
1729
Бөлісу:
Сооронбай Жээнбеков ЕАЭО өкілеттігін күшейтуді ұсынды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының өкілеттігін күшейтуді ұсынды.

«Бүгінде ЕАЭО жедел әрі интеграциялық ұйым ретінде өзін таныстырды», - деді ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында.

Оның айтуынша, өсім қарқынын ұстап қалу қажет. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін одақтың басым бағыттарын ілгерілендіру керек. Бүгінде маңызды бағыттардың бірі – цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру.

«Біз белгілі нәтижелерге қол жеткіздік. Бизнес пен мемлекеттік сала үшін ортақ цифрлық үрдістерді құруды жалғастыру өте маңызды. Одақтың 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру жолындағы мемлекет пен бизнестің бірігіп жұмыс істеуін қолдаймыз. Аталған даму векторы аясында биыл Қырғыз Республикасында мен «Елді цифрландыру мен өңірлерді дамыту жылы» деп жарияладым», - деді ол. 

Жээнбековтің айтуынша, ЕАЭО институционалдық жүйесін жақсартуды бірнеше рет айтқанн. Осы орайда ол Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының өкілеттігін күшейтуді ұсынды.

«ЕАЭО мүше елдер арасындағы экономикалық айтарлықтай айырмашылыққа байланысты маңызды мәселеге назар аудартқым келеді. Одақ елдері арасындағы айырмашылық сақтала берсе Еуразиялық интеграцияның дамуына кері әсер етуі мүмкін. Бізге экономиканы нығайту және оның үйлесімді дамуына мәселесінде тиімді шешім қабылдауымыз керек. Комиссия экономикасы кіші елдерді қолдау және дамыту үшін түрлі механизмге талдау жүргізуді тапсыруын және біздің Одаққа тиісті механизмді ендіруге нақты ұсыныстар әзірлеуін ұсынамын», - деді ол.

Сондай-ақ, Сооронбай Жээнбеков ортақ электроэнергетикалық нарықты реттеу бойынша орган құрудың қажеттілігін қарастыруды ұсынды.

«Реттеуге байланысты жаңа салалардың туындауы тиімді басқаруды, сәйкесінше Одаққа жаңа органдарды құруды талап етеді. Қырғызстан өзінің электроэнергетикалық потенциалян ескере отырып, мұндай органды өзінде орналастыруға дайын», - деді Жээнбеков.

Өзгелердің жаңалығы