Соңғы үш күн бойы еліміз «сары» аймақта тұр

16 Наурыз 2021, 10:28
1620
Бөлісу:
Соңғы үш күн бойы еліміз «сары» аймақта тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгінгі Үкімет отырысы барысында айтты.

Министр әлем бойынша коронавирустық инфекция жұқтыру көрсеткішінің төмендеп келе жатқанын жеткізді.

Әлемнің 4 аймағында инфекция жұқтыру көрсеткіші болмашы ғана төмендегенімен, Еуропа және Шығыс Жерорта теңізі аумағында ауру көрсеткіші артып келеді. Осыған байланысты қазіргі таңда Италия, Болгария, Словакия, Германия және Еуропаның өзге де елдері карантин шараларын қатаңдата бастады. Пандемия басталғалы бері Қазақстанда ПТР+ бойынша 225 686 жағдай тіркелсе, ПТР- бойынша 49 817 жағдай анықталған. Жалпы науқастардың 92%-ы жазылып шықты. Республиканың эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, соңғы үш күн бойына еліміз «сары» аймақта тұр, - деді ол.

Министр өңірлер бойынша көрсеткішке де тоқталды. Оның мәліметінше, «қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы, «сары» аймақта – Қарағанды, Ақмола, Атырау және Алматы облыстары тұр. Қалғаны «жасыл» аймақта.

Қаңтар айымен салыстырғанда ақпан айында сырқаттанушылық деңгейінің 30%-ға төмендегені байқалды. Наурыз айында 1-2 есеге төмендеу байқалып отыр. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен БҚО және Алматы облыстарында сырқаттанушылық көрсеткіші өсіп келеді, - деді Цой. 
Ол бұған дейін елдегі тұмау жұқтыру көрсеткішінің былтырғыдан 2,2 есеге төмендегенін мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы