Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Соңғы екі жылда 287 жекеменшік мектеп ашылды

22 Ақпан 2022, 15:31
3449
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алпамыс Сатыбалдин ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты.  

Оның айтуынша, елімізде 2019-2021 жылдары 94 696 орындық 287 жекеменшік мектеп ашылған.

Өңірлер арасында жекеменшік мектептерді ашу бойынша Түркістан облысы көшбастап тұр, бұл өңірде 56 мектеп ашылған. Шымкент қаласында - 52, Алматыда - 41, Нұр-Сұлтанда - 29, Жамбыл облысында - 30, Алматы облысында - 17, Қызылорда облысында - 16, Маңғыстау облысында - 14 және Ақтөбе облысында 8 мектеп ашылған.

Жекеменшік мектептердің ең аз саны мына өңірлерде тіркелген: Ақмола, Атырау - 5, Павлодар - 4, Қостанай - 3, СҚО, Қарағанды, Батыс Қазақстанда 2-ден және Шығыс Қазақстан облысында – 1 мектеп, - деді Алпамыс Сатыбалдин.

Жекеменшік мектептердің жалпы саны 408 бірлікке жеткен. 
 

Өзгелердің жаңалығы