Соңғы екі аптада емделіп жатқан науқастар саны 12 мыңға азайды – Цой

1 Маусым 2021, 09:41
5729
Бөлісу:
Соңғы екі аптада емделіп жатқан науқастар саны 12 мыңға азайды – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой соңғы екі аптада коронавирустан емделіп жатқандар саны азайғанын айтты.

Оның айтуынша, осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша төсек-орындардың қамтылу мониторингіне сәйкес республика бойынша инфекциялық төсек-орындар 28%-ға, реанимациялық төсек-орындар 24%-ға толы.

Инфекциялық және реанимациялық төсектердің қамтылуының оң динамикасын атап өткім келеді, мысалы мамыр айында сәуір айымен салыстырғанда инфекциялық және реанимациялық төсектердің толуы тиісінше 1,5 және 1,2 есе төмендеді, - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар Цойдың сөзінше, инфекциялық төсектерді пайдалану көрсеткішісі Алматы қаласында 2,3 есе, Алматы облысында 1,9 есе, Ақтөбе облысында 1,8 есе, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында 1,6 есе азайды.

Соңғы екі аптада емделіп жатқан науқастар саны 12 мыңға азайды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы «сары аймақта» орналасқан.

1 маусымдағы мәлімет бойынша, 26 393 адам коронавирус инфекциясынан (25 872 КВИ+ және 521 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 984 пациент стационарда, 16 409 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы