Соңғы бір жылда жаңа аудиторларға бірде-бір куәлік берілмеген

3 Қазан 2022, 17:45
1036
Бөлісу:
Соңғы бір жылда жаңа аудиторларға бірде-бір куәлік берілмеген

Қаржы министрлігі кәсіби бухгалтерлерді аттестаттау нарығын монополияландыруды ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан баспасөз клубына сілтеме жасап. 

2021 жылғы 6 шілдеде «Аудиторлық қызмет туралы» заңға түзетулер күшіне енді. Түзетулермен аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес (АҚжКК) құрылды. Бұл монополиялық оператор – аудиторлық қызметті реттеуші.

АҚжКК идеясының өзі оны құру процесінде Қазақстанның кәсіби аудиторлық қоғамдастығына қатысушылар тарапынан сынға ұшырады. Кәсіби кеңес құрылғанға дейін аудиторларды аттестаттау және олардың жұмыс сапасын бақылау ҚР заңнамасында көптеген кәсіби аудиторлық ұйымдардың (КАҰ) көзделуіне байланысты бәсекелес ортада болды. АҚжКК құрылуымен аудиторларды аттестациялауды осы кеңес монополиялады. Оның құрамына көптеген КАҰ кірмеді, тек осы АҚжКК құруға лоббистерн, сайланған КАҰ ғана кірді.

Қазіргі уақытта, бір жылдан астам уақыт өткен соң, кәсіби кеңес өз жұмысын бастаған жоқ. Оған себеп – көптеген кәсіпкерлік субъектілері, яғни аудиторлық ұйымдардың келіспеуі, сондай-ақ оның қызметінің әртүрлі бірыңғай операторларды жоюға бағытталған мемлекеттің саясатына сәйкес келмеуі. Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы кәсіпқойлардың пікірінше АҚжКК-нің болуы мемлекеттік қызметті бәсекелестік ортаға беру жөніндегі мемлекеттің міндеттеріне қайшы келеді.

АҚжКК жұмыс істемеген соң 12 ай ішінде жаңа аудиторларға бірде-бір куәлік берілмеген.

Қазақстандағы аудиторлар нарығы бірнеше мың адамды құрайды. Бұл АҚжКК қызметінің өзін-өзі ақтауы үшін жеткіліксіз болып табылады. Енді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 100 мыңнан астам маманнан тұратын кәсіби бухгалтерлер нарығына АҚжКК қызметін тарату үшін бухгалтерлерді сертификаттау міндетін беріп, өлі туған құрылымды қайта жандандыруға әдейі тырысуда, – делінген хабарламада.

Қаржы министрлігі бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі Қаржы министрлігі аккредиттеген ұйымдар деп аталатын 25-ке жуық ерекше кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істейтін кәсіби бухгалтерлерді аттестаттау нарығын монополиялауды ұсынады.

Шын мәнінде, министрліктің шенеуніктері бұл нарық субъектілерін жоюға тырысып жатыр. Адал бәсекелестік қағидаттарында жұмыс істейтін 25 компанияның орнына бұл функцияларды іс жүзінде бірыңғай оператор болып табылатын АҚжКК монополист ұйымына беру ұсынылады. Нарық қатысушыларының пікірінше, Қаржы Министрлігі Кәсіби кеңес құрылтайшыларының мүдделерін қолдай отырып, өзі жетекшілік ететін салаларда жосықсыз бәсекелестікті заңдастырды, – делінген хабарламада.

АҚжКК – мемлекеттік монополия субъектісінің баламасы, бұл жосықсыз бәсекелестіктің көрінісі, өйткені ол нарықтың басқа субъектілеріне – Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардға залал келтіреді, яғни Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген қағидаттарды тікелей бұзу, бәсекелестікті мемлекеттік реттеу мақсаттарын бұзу және Қазақстанда жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынғаны туралы айтылған Конституцияның 26-бабын бұзу айқын көрінеді

Сертификаттау ұйымдарында тұрақты жалақы алатын 1000-ға жуық қызметкер жұмыс істейді. Олар енді Қаржы министрлігінің бастамасы іске асырылған жағдайда жұмысынан айрылып, жұмыссыздар санын көбейтеді. Түзетулер қабылданса, бухгалтерлік мамандыққа қол жеткізу шектеліп, бақылау институты ретінде бухгалтерлік қызметтің тәуелсіздігінің беделі жойылады. Сертификаттау жөніндегі функцияларды бірыңғай монополист операторға баламасыз берген жағдайда бухгалтерлерді сертификаттау құны едәуір өседі және бухгалтерлер мен ЖОО түлектерінің көпшілігі үшін қолжетімсіз болады.

Өзгелердің жаңалығы