Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада ауыр атлетикадан Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанлоға құрмет көрсетілді деп хабарлайды Olympic.kz.
Екі спортшыға Toyota Camry 75 автокөлігі берілсе, олардың жеке бапкерлеріне федерация президенті Жанат Түсіпбековтің атынан ақшалай сыйақы табысталды.
Спортшылар жанкүйерлерге алғыс айта отырып, мемлекеттен берілген сыйақыны (75 мың доллар) мұқтаж жандарға табыстайтындарын айтты.
Олимпиадаға қатысу әр спортшының арманы. Ал төртжылдық додасынан медаль әкелу үлкен еңбек. Сіздер Қазақстан халқын қуанттыңыздар. Мыңдаған жастың көкірегіндегі үміт отын ояттыңыздар. Сіздерге алғысымыз зор, - деді федерация президенті.