Қазақстан бойынша 2023 жылғы 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі белсенді циклонның билігінде болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 22 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста болады деп күтілуде.
Республика бойынша 15-28 м/с жел күшейеді, солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтілуде.
Кезеңнің соңына қарай еліміздің батысында ауа температурасының 2-12 аязға дейін төмендеуі күтіледі, республиканың шығысында түнде температураның 8-13 аяздан 0-5 жылуға дейін көтерілуі күтіледі, Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар күтілмейді.