Қазақстан бойынша 03-05 қыркүйектегі ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаңбыр жауып, республиканың солтүстігінде, шығысында кейбір уақыттарда қатты жаңбыр жауып, түнде 03 қыркүйекте елдің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде солтүстік-батыс антициклон сілемімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік және шығыс аймақтарда тұман, топырақ бетінде 2 градусқа дейінгі үсік болады.
Сондай-ақ күндіз температураның біртіндеп төмендеуі күтіледі: республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +8+15°С дейін, оңтүстігінде +20+28°С дейін төмендейді.