Солтүстік Қазақстанда өзендердегі мұзды жару жұмыстары басталды

Бұл көктемгі тасқын кезінде су деңгейін бақылау және елді мекендерді, инфрақұрылымды, ауыл шаруашылығын қорғаудың тиімді әдісі болып табылады.

 Скриншот Бүгiн 2026, 03:40
Бүгiн 2026, 03:40
136
Фото: Скриншот

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені мен оның салаларында мұзды жару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл көктемгі тасқын кезінде су деңгейін бақылау және елді мекендерді, инфрақұрылымды, ауыл шаруашылығын қорғаудың тиімді әдісі болып табылады.

Жобаның мақсаты – мұз жамылғысын әлсірету және бұзу, мұз кептелістерінің алдын алу, өзен арналарындағы су ағынын қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта Қызылжар ауданы аумағында 5 учаскеде жұмыстар жүргізіліп, жалпы 2 600 шаршы метр мұз ұсақталды. Бақыланатын жару жұмыстары 16-21 наурыз аралығында жалғасады.

Наверх