Солтүстік Қазақстанда квадроцикл аударылып, 4 жасар бала көз жұмды

Көз жұмған бала жүргізушінің немересі болған

 pixabay.com/ru 19 Қыркүйек 2024 2024, 17:56
19 Қыркүйек 2024 2024, 17:56
748
Фото: pixabay.com/ru

СҚО-да квадроцикл аударылып, 4 жасар бүлдіршін қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы оқиға Аққайың ауданының орталығы Смирнов ауылында болған. 

56 жастағы ер адам рөлге ие болмай алмай, салдарынан көлік аударылып, жанында отырған немересі ауыр жарақат алған. 

Бала аудандық ауруханада қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.

Наверх